USD
USD
USD

Сәрсенова қанша пара алды?

«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Гүлнара Сәрсенова «аса ірі көлемде пара алды» деген күдікке ілінді. Бұл туралы жемқорлықпен күрес қызметі хабарлады.

Сәрсенова қанша пара алды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасына қатысты аса ірі көлемде пара алуға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды» деп хабарлады құзырлы орган.

24 мамырда орталық сайтында Г.Сәрсенованың мәлімдемесі жарияланған. Ол орталықтың бюджеті қысқарып қалғанын айта келе былай дейді:

«Мемлекет қолдаған және қаржыландырған «Нартай» фильмінің продюсері ретінде менің фильміме бөлінген 380 млн теңгені Ұлттық орталықтың бюджетіне қайтару туралы шешім қабылдадым. Бұдан бөлек, өз қаржымнан 40 млн теңгені қысқа метражды және дебюттік фильмдерді қаржыландыруға бөлемін».

Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Сәрсенованың қанша пара алғанын, тағы қандай қылмысқа қатысты күдікті деп танылғанын нақтылап айтпады. Орталық басшысы аяқ астынан 420 млн теңгені бюджетке қайтарғысы келгеніне қарағанда, мемлекетке тиген залал да осы көлемде болуы мүмкін.      

Қазір оқып жатыр

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер