USD
USD
USD

Сәрсенбіге арналған ауа райы: Көктайғақ, жел, бұрқасын

  Қазгидромет 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Сәрсенбіге арналған ауа райы: Көктайғақ, жел, бұрқасын
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронттар республика аймағының барлық бөлігіне әсерін тигізеді. Тек солтүстік-шығыс, шығыс бөліктерде ашық ауа райы сақталады. Жауын-шашын қар, жаңбыр, солтүстік өңірлерде бұрқасын күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, оңтүстіктің тау асуларында қатты жел соғады. Түрістан облысында түнде оңтүстік пен солтүстікте – шаңды дауыл, батыс бөлігінде және таулы аудандарда қатты жел соғып, кей жерлерде 23-30 м/с жетеді.

Ақмола, Алматы, Қостанай, облыстарында тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы15-20 м/с жетеді. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының орталығы мен солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады, облыстардың батысында жел 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында желдің 15-23 м/с жетіп, облыстардың батыс жартысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігі мен орталығында тұман түседі, облыстардың солтүстік-батысы, батысында қатты жел соғады.

Қазір оқып жатыр

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны