USD
USD
USD

Сәрсенбі күні Қазақстанда аяз, шаңды дауыл және қатты жел болады

5 қазанда еліміздің бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Сәрсенбі күні Қазақстанда аяз, шаңды дауыл және қатты жел болады
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Батыс Қазақстан облысында күндіз облыстың оңтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады7 Cонымен қатар солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің екпіні 17 м/с болады деп болжанды.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігі мен батысында шаңды дауыл соғады. Түнде таулы аймақтарда, күндіз солтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында шығыстан соғатын желдің күші 15-20, таулы асуларда екпіні 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус аяз сақталады. Шымкентте күндіз шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Түркістанда күндіз шаңды дауыл соғады. Шығыстан соғатын жел 15-20 м/с.

Түнде солтүстікте, шығыста, Ақтөбе облысының орталығында 2 градус аяз сақталады. Өңірде түнде де 0-2 градус аяз болады деп болжанды.

Атырау облысының шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырауда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев