USD
USD
USD

Сәрсен Жетібаев – Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарындағы Қазақстанның тұңғыш чемпионы!

Павлодарлық Сәрсен Жетібаев грэпплингтен Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының чемпионы атағын жеңіп алды.

Сәрсен Жетібаев – Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарындағы Қазақстанның тұңғыш чемпионы!
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық спортшы ондай жетістікке алғаш рет жетіп отыр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарына 80 елден 3 мыңнан астам спортшы қатысты. Ал Қазақстанның намысын 53 спортшы қорғады. Олар спорттың 9 түрінен сынға түсті.

Павлодарлық Сәрсен Жетібаев грэпплингтен жарысқа қатысып, 71 келі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Ширек финалда жерлесіміз венгриялық спортшыны жеңіп, жартылай финалда украиналықтан басым түсті. Ал финалда өзбек спортшысын қапы қалдырды.

Сәрсен Жетібаев – Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарында чемпион атанған тұңғыш қазақстандық спортшы.

Павлодар әкімдігі Сәрсен Жетібаевқа 500 мың теңгенің ақшалай сертификатын табыстады. Ал чемпионды дайындаған жаттықтырушы Зайырбек Әбілқадыровқа 300 мың теңгенің сертификаты берілді.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors