Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Саркози сот алдында тағы жауап береді

Жемқорлық үшін сотталған Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози тағы да сот алдында жауап береді.

Саркози сот алдында тағы жауап береді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жолы 66 жастағы саясаткер 2012 жылғы сайлаудың үгіт-насихат шараларына бөлінген қаржыны мақсатсыз жұмсап, жымқырды деп айыпталып отыр. Николя Саркози сайлауалды науқанға бөлінген соманы 24 миллион долларға асырып жіберген. Шығынның орнын толтыру үшін штаб қызметкерлері жалған шот ашып, қаржылай қулыққа барған. Бірақ бұрынғы президент аталған астыртын әрекеттен хабарсыз болғанын айтады. Енді осы іс бойынша Саркози айыпты деп танылса, 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, наурыздың 1-інде экс-президент жемқорлық және ықпалын саудалау айыбымен үш жылға сотталған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық