USD
USD
USD

Сарыөзек-Көктал күре жолы екі күнге жабылады

Алматы облысында республикалық маңызы бар Сарыөзек-Көктал жолы екі күнге жабылады.

Сарыөзек-Көктал күре жолы екі күнге жабылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бұл бағытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Республикалық маңызы бар «Сарыөзек – Көктал» автожолының 45-68 шақырымында 17-18 наурыз күндері аралығында өндірістік қажеттілікке байланысты бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған байланысты, автомобиль жолының осы учаскесі барлық автокөлік түрлері үшін жабық болады.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеуге болады»,- делінген Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.


 

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық