2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

«Сарыарқа» хоккей клубы Нығматулиннің меншігіне қалай өтті? – Облыс әкімі жауап берді

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Сарыарқа» хоккей клубының Арғын Нығматулиннің басқаруына қалай өткенін түсіндіріп берді.

Сарыарқа
Фото: ғаламтордан

Жазда прокуратура құны 900 миллион теңге тұратын «Сарыарқа» клубын мемлекет меншігіне қайтарғанын хабарлады. Пресс-релизді оқығанда, «Клуб бір кездері заңсыз түрде жеке меншікке өткен бе?» деген ой туады. Мұның анық-қанығын біз Қарағанды облысының әкімінен сұрадық.

Қарағанды облысы
Фото: ОКҚ

Облыс әкімі Е.Бөлекбаев клубтың Арғын Нығматулинге бес жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілгенін, ал осы мерзім аяқталған соң оның клубты қайтарғанын айтты. Әкімнің сөзіне сенсек, клуб Нығматулинге заңды түрде өткен.

«Клуб сенімгерлік басқаруға берілді, инвестор клубты дамытады деген шартпен. Мерзім аяқталғаннан кейін ол клубты қайтарды. Шын мәнінде, бұл хоккей клубының өзге активтері, ғимараттары жоқ – тек клубтың өзі, құжаттар және бірнеше принтер... Арғын, иә, Арғын Нығматулин. Бес жыл бойы басқарды, мерзім өткен соң клубты қайтарып берді», – деп нақтылады Е.Бөлекбаев.

Сондай-ақ, Бөлекбаев хоккей және футбол клубтарын жекешелендіруге беру жоспары бар екенін хабарлады.

Арғын Нығматулин – Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы. Оны клубтың негізін қалаушы деп те атайды. 2018 жылы директорлық қызметтен кеткеннен кейін ол клубтың тұрақты тәлімгері әрі кеңесшісі болып қалды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер