USD
USD
USD

Сарыағаштық оқушылар мектеп оқушыларының ХІІ жазғы гимназиадасында жеңімпаз атанды

Жыл сайынғы дәстүрге сай ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасы өтіп жатыр.

Түркістан Облысының Білім Басқармасы
Фото: Түркістан Облысының Білім Басқармасы

Түркістан, NEGE. Мақсат – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, патриоттыққа тәрбиелеп, республикалық жарысқа қатысатын мектеп командасын анықтау.

Екі мыңнан астам оқушы сайыстың 52 түрі және спорттың 23 түрі бойынша өзара бәсекеге түсуде. Атап айтқанда, үстел теннисі, футбол, регби, бадминтон, спорттық бағдарлау, корабль құрастыру, ұлттық спорт түрлері және т.б. спорттық додада шеберліктерін шыңдайды.

Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты №27 Шәкәрім атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушыларынан жасақталған команда Қызылорда қаласында өткен ұлттық мектеп ликасының республикалық кезеңінде “Үстел теннисінен” 1 ОРЫНДЫ иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Жаттықтырушысы- Бектұрсынов Ердәулет Мақсатұлы.

Айта кетейік, №27 Шәкәрім атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары былтырғы жылы да “Үстел теннисінен” жеңіске жетіп, чемпион атанған еді.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев