USD
USD
USD

Сарыағашта карантин кезінде отшашу атып, той жасаған

Карантин талабына бағынбаған Сарыағаш ауданының тұрғыны келін түсіріп, тойында отшашу атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Сарыағашта карантин кезінде отшашу атып, той жасаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық полиция депантаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жұбайлардың тойы Instagram-ға тараған. Оны Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік желіде байқап қалып, той ұйымдастырған тұрғынды анықтаған.

Тәртіп сақшылары мен аудандық жергілікті органдарынан құрылған мобильді топ қызметкерлері оқиға орнына барып, тексерген. Нәтижесінде бейнежазба Сарыағаш қаласында түсірілгені анықталып, той иесіне тиісті шаралар қолданылды.

«Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасына бақылау басқармасының қызметкерлері той өткізген азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындарына елімізде енгізілген карантин талаптарын сақтап, әрбір азаматтың өз өмірі мен денсаулығына аса жауапкершілікпен қарауға шақырады», делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Аудитория әлі есеймеген»: Баян Алагөзова ашаршылық туралы фильмге қатысты пікір білдірді

Баян Алагөзова

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар