USD
USD
USD

Сарыағашта есірткі еккен әйел сотталды

Сарыағашта есірткі еккен әйел сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағашта есірткі еккен әйел сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркістан облысында өз ауласында заңсыз есірткі еккен Сарыағаш ауданының 57 жастағы тұрғынына үкім шықты. Нақтырақ айтсақ, Сарыағаш АПБ  полицейлері жедел-профилактикалық іс-шара кезінде үйінде есірткі еккен күдіктіні ұстады. Ал әйел оны өзі тұтыну үшін өсіргенін жеткізді. Аталмыш күдіктіден полицейлер заттай дәлел ретінде құрамында есірткісі бар бес түп өсімдікті тәркілеп, сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес оның үшеуі сора, ал екеуі көкнар есірткісі болып шықты.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жинақталған материалдар айыптау актісімен бірге заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Нәтижесінде Сарыағаш аудандық соты 57 жастағы сотталушыға бір жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер