USD
USD
USD

Сарыағашта бес жасар қыздың өлімінен кейін жергілікті халық көтерілді (видео)

Түркістан облысының Жібек жолы ауылында бес жасар қыздың айуандықпен өлтірілуіне байланысты халық көтерілді.

Сарыағашта бес жасар қыздың өлімінен кейін жергілікті халық көтерілді (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 13 шілдеде 2018 жылы туған, бес жасар бүлдіршін қызды айуандықпен зорлап, өлтірген оқиға тіркелді.

Түркістан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, 13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі кәмелетке толмаған қызының жоғалғаны туралы арыз жазған.

"Жедел-іздестіру барысында полиция ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың денесін тапты. Күдікті қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы (99-бап) бойынша іс қозғалып, тергеу басталды" деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазір күдікті Сарыағаш АПБ-ға жеткізіліп, қамауға алынған. Барлық жағдайлар анықталуда.

Осы жағдайға қатысты тұрғындар наразылыққа шығып, айуандық жасады деген күдіктіні халықтың қолына беруді сұраған. 

Халық наразылығын білдірген видео @Kozachkov телеграм каналында жарияланды. 

Мемлекет басшысына да Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз баланың өлтірілгені жөніндегі қайғылы оқиға туралы мәлімет берілді.

Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп