USD
USD
USD

Сарыағашта әкесінің көлігімен жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзған жасөспірім анықталды

Түркістан облысында полицейлер әкесінің көлігімен жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзған жасөспірімді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағашта әкесінің көлігімен жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзған жасөспірім анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркістан полицейлері Сарыағаш қаласындағы көшелерде кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің Hyundai Sonata автокөлігін басқарып, тәулік бойы жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзғанын анықтады. Осы факті бойынша жедел жұмыстарды атқарған полицейлер жасөспірімнің 16 жастағы Сарыағаш қаласының тұрғыны екенін анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы және ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды. Белгілі болғандай, жасөспірім әкесінің көлігін басқарған.

Сондықтан жасөспірімнің әкесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша шара көрілді. Тәртіп сақшылары құқық бұзушының көлігін Сарыағаш қаласындағы айыптұраққа қойды. Полицейлер тарапынан құқық бұзушыға жол апатына ұшырап, айыптұраққа жеткізілген көліктер көрсетіліп, түсіндірме жүргізілді.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті

«12 мың адам көрген»: TikTok-та былапыт сөз айтқан семейлік әйел 5 тәулікке қамалды

бес тәулікке қамалды

Ақтөбеде менеджер басшылықтың жоқтығын пайдаланып, жалған сенімхатпен пәтерлерді қайта сатқан

көпқабатты тұрғын үй

Министр Сәденов олигарх Рашид Сарсеновтің «крышасы» ма?

.