Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Сарыағашта құс фабрикасынан жұмыртқа ұрлаған жұмысшылар ұсталды (видео)

Сарыағашта құс фабрикасынан 1800 жұмыртқа ұрлады деген күдікпен жұмысшылар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Құс жұмыртқасы
Фото: Фото: Polisia.kz

Сарыағашта құс фабрикасынан 1800 жұмыртқа ұрлады деген күдікпен жұмысшылар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Онда жәбірленуші ер адам құс фабрикасындағы қоймасынан белгісіз біреулер 1800 жұмыртқаны ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге 150 мың теңге көлемінде шығын келген.

Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікке ілінген көлік анықталып, тексерілді. Көлік ішіндегі үш ер адамнан шелектерге салынған тауық жұмыртқалары тәркіленіп алынды. Олар 30-35 жас аралығындағы сол ферманың жұмысшылары болып шықты.

Анықталғандай, олар күндізгі уақытта 10 шелек артық жұмыртқаны дайындап кетіп, түнгі уақытта қоймадан алып шыққан.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Енді фонограммамен ән айтқан әншілерге 400 мың теңгеден жоғары айыппұл салынады

Микрофон

Алматы облысында жеке сот орындаушысы құмар ойынға 140 млн теңгеге жуық қаржы салған

жеке сот орындаушысы

Тоқаев Сыртқы саясат тұжырымдамасынан Назарбаевтың өмір бойғы құқығын алып тастады

Назарбаев

Астанада фишингтік хабарлама таратумен айналысқан топ мүшелері қамауға алынды

Кісен