USD
USD
USD

Сарыағашта «Ханбибі оқулары» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті

Бүгін Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде жастар арасында Ханбибі Есенқарақызының 75 жылдық мерейтойына арналған «Ханбибі оқулары» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.

Ханбибі оқулары
Фото: Түркістан облысы

Түркістан, NEGE. Сөз сайысы қаламгердің шығармашылығын насихаттауға, шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамытуға, сондай-ақ азаматтыққа бағытталған. Аталған шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысты. Мерейтой иесін құттықтап, арнайы алғыс хатпен марапаттады. Байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.

Аталған шара 2015 жылдан бері туған жерінің мақтанышына айналған қаламгердің шығармашылығына арнап жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Байқауға 17 үміткердің өтінімі қабылданып, іріктелді.

Қатысушыларды сын сүзгісінен сөз өнерін жанымен ұғатын әділ қазылар алқасы, атап айтқанда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Алдияр, ардагер ұстаз Асқар Байзақов, ақын Сұлухан Мыңбаева, ұстаз Жұмагүл Құмановалар тиісінше орындарды табыстады.

Бас жүлдені Жібек жолы ауылдық округінен Нұрсая Оралбай, І орынды Әлімтау ауылдық округінен Нұрдос Тұрсынбай, ІІ орынды Жылға ауылдық округінен Айгүл Тоғызбаева, ІІІ орынды Жібек жолы ауылдық округінен Балауса Ергеш, ІІІ орынды Тегісшіл ауылдық округінен Рауана Аршабай жеңіп алды.

Жеңімпаздар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданының тумасы Ханбибі Есенқарақызы – ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы