USD
USD
USD

«Сары мысық» фильмі Қазақстанның атынан Оскар сыйлығына ұсынылды

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» фильмі Қазақстанның атынан «Оскар» жүлдесінің «Шетелдің үздік фильм» номинациясына ұсынылды.

«Сары мысық» фильмі Қазақстанның атынан Оскар сыйлығына ұсынылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Кинотуындыны Short Brothers (Қазақстан), Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және Arizona Productions (Франция) қомпанияларының қатысуымен Zerde Films (Қазақстан) компаниясы түсірді.

Фильм қазақстандық «Бонни мен Клайдтың» оқиғасын баяндайды. Кермек есімді жас жігіт түрмеде жазасын өтеп, қылмыстық топ өзінің қатал заңдарын орнатқан туған қаласына оралады. Жігіттің ғашығы Ева қылмыскерлердің ықпалымен теріс жолға түскен, Кермек өзі де қылмысқа белшесінен батады. Бірақ ол сүйген қызымен бірге еркіндікке қол жеткізіп, кинотеатр салу туралы арманын тастамайды. Ол қалайда арманына қол жеткізуге бел байлайды...

«Сары мысық» – режиссер Әділхан Ержановтың тоғызыншы толықметражды көркем фильмі. Түсірілім жұмыстары былтыр Алматы облысында өтті. Фильмнің бас продюсерлері: Әсел Сәдуақасова, Қанат Битеміров және Ербол Тойбаев.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Атыраудың жаңа әкіміне қандай тапсырма берді?

.

Шымкентте мүгедектігі бар әйел туыстарының кесірінен баспанасыз қалған

.

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығына неге жете алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы

Еліміздегі барлық перзентханалар 15 тамызға дейін тексеріледі

Перзентхана