USD
USD
USD

Сардоба апатына кінәлі күдіктілер ұсталды

Өзбекстанның бас прокуратурасы Сардоба су қоймасындағы тасқынға байланысты қылмыстық іс қозғап, алғашқы күдіктілердің ұсталғандығын хабарлады.

Сардоба апатына кінәлі күдіктілер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде екі адам жауапқа тартылды. Оларға қатысты "қамауға алу шарасы" қолданылды. Бұл іс бойынша шындықтың ашылуына кедергі келтіретін жағдайлардың алдын алу үшін, қалған мәліметтерді жария ету мүмкін емес, - деп хабарлады Бас прокуроратура өзінің телеграмдағы арнасында.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұсталғандардың арасында су қоймасын эксплутациялау және дамыту дирекциясының басшысы бар.
Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырда Өзбекстандағы Сардоба су қоймасында бөгеттің бұзылуы салдарынан 276 шаршы шақырым су астында қалды. Оның 76 шақырымы Қазақстанға тиесілі. Түркістан облысының 10 елді мекені су астында қалды. Эвакуацияланған тұрғындардың саны 30 мыңнан асты.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров

Үкімет жаңа шарттарды бекітті: енді жәрдемақыны кімдер ала алмайды?

Көпбалалы аналар