Сарбаздар енді әскери бөлімге пицца мен бургерді тапсырыспен алдыра алады
Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерде Voenmart пилоттық жобасы енгізіліп жатқанын хабарлады.
Астана, NEGE. Министрлік өкілдерінің түсіндіруінше, бұл жүйе сарбаздарға қажетті тауарларға тапсырыс беріп, оларды әскери бөлім аумағына тегін алдыруға мүмкіндік береді. Әзірге жоба санаулы әскери бөлімге ғана енгізілген. Атап айтқанда, Алматы облысындағы 78460 әскери бөлімі, Гвардейск гарнизонының оқу орталығы Астанадағы 68665 әскери бөлімі және Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж жүйені сынақтан өткізуде.
Әскери бөлімдердегі дәстүрлі сауда нүктелерінен айырмашылығы – Voenmart ассортименті айтарлықтай кең. Мұнда жеке гигиена құралдары, тігін бұйымдары және басқа да қажетті заттармен қатар, әскери қызметшілерге жаңа піскен жемістер, шырындар, тіскебасарлар, нан өнімдері және күнделікті сұранысқа ие басқа да тауарлар жеткізіледі.
Ведомство мәліметінше, жобаның басты ерекшеліктерінің бірі – ыстық тағамдарды жеткізу. Әскери қызметшілер бәліш, бургер, пицца және басқа да тағамдарға тапсырыс бере алады, әрі олар ыстық күйінде жеткізіледі.
«Жобаның басты артықшылығы – жеткізу қызметінің тегін болуы. Әскери қызметшілер қосымша комиссиясыз және қызмет көрсету төлемінсіз тек тауардың өз бағасын төлейді. Демек, бұл жүйе сарбаздар үшін барынша қолжетімді етіп ұйымдастырылған», – делінген ведомство хабарламасында.
Жоба тиімділігі бағаланған соң оны басқа да әскери бөлімдерге кезең-кезеңмен енгізу жоспарланған.
Қазір оқып жатыр
БҚО-дағы Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің кептелісі 35 шақырымға жеткен
Шығыста мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келтірген компания басшысы іздестірілуде
Чайлдфри шариғатта құптала ма: ҚМДБ үкімі жарияланды
Қазақстанда төрт фармацевтикалық компания қолдан жасалған, қауіпті дәрілер сатып келген