USD
USD
USD

Сарбаз 14 жастағы баланы судан құтқарды

Жаяу патрульдегі АЖӘЖ сарбазы 14 жасар баланы судан құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Сарбаз 14 жастағы баланы судан құтқарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бір күн бұрын Алматы қаласының Алмалы ауданында кәмелетке толмаған баланы құтқарды.

– 14 жастағы Роман және оның достары Есентай өзенінің жағасында болды. Бала парапеттің екінші жағына өтпек болды, бірақ, өкінішке орай, сүрініп, суға құлап түсті. Осы сәтте бұл аймақта тәртіпті қадағалау үшін жедел әрекет ету отрядының инспекторы Асқар Тортай мен учаскелік инспектор Руслан Қалиев қызмет етіп жүрген. Суға батып бара жатқан баланы көрген аға лейтенант Тортай бірден суға секіріп, Романды шығарып алды. Бақытымызға орай, қазір балада бәрі жақсы. Ол ата-анасына тапсырылды, – деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары, Нұрлан Алмасбеков.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева