USD
USD
USD

Сарапшылар: Коронавирустың екінші толқыны біріншісінен де ауқымды өтіп жатыр

Коронавирустың екінші толқыны алғашқысынан да ауқымды болуы мүмкін. Сарапшылар осылай деп отыр.

Сарапшылар: Коронавирустың екінші толқыны біріншісінен де ауқымды өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазір Еуропада тәуліктік көрсеткіштер көктем мен жаздағы рекордтық сандардан асып кеткен. Кісі өлімі бойынша да антирекордтар жайлы мәліметтер түсіп жатыр. Ал, Австралия ғалымдары коронавирус түрлі жабындыларда әлдеқайда ұзақ сақталатынын жария етті.

Францияда демалыс күні 27 мыңдай жаңа дерек расталған. Мұндай тәуліктік көрсеткіш індеттің бірінші толқыны кезінде де болмаған екен. Коронавирус түрлі жабынды беттерінде біз ойлағанннан да ұзақ сақталады. Бұған дейін COVID-19 банкнот пен шыны беттерде 2-3 күн, ал пластикте 6 тәулікке дейін сақталады деп есептелді. Алайда, австралиялық ғалымдардың хабарлауынша, бөлме температурасында вирус ақша, смартфонның беті мен тот баспайтын болаттан жасалған заттарда 28 күн сақталады екен. Жалпы оның белсенділігі қоршаған ортаның температурасына байланысты. Мәселен, 20 градус жылуда бір айдай, 30 градус жылуда 3 апта, ал 40 градустан асса, бірнеше тәулік бойы сақталады.

Иранда бір тәулікте 250 адам көз жұмды Иранда бір тәулікте коронавирустан 250 адам көз жұмды. Бұл эпидемия басталғалы тіркелген ең үлкен көрсеткіш. Жалпы елде індеттен 28 мыңнан аса адам қайтыс болды. Қазіргі кезде 4,5 мыңдай науқас ауыр хәлде жатыр. Ауруханаларда бос орын қалған жоқ. Билік «эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына тұрғындардың сақтыққа салғырт қарауы себеп», дейді. Бүгінде Ислам Республикасының астанасы Тегеран тұрғындары қоғамдық орында маска тағуға міндеттелді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

шенген

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді

полицей