USD
USD
USD

Сарапшылар Қазақстанның трансформациядан өтуі туралы пікір білдірді

Қазақстан «трансформациялар»

Сарапшылар Қазақстанның трансформациядан өтуі туралы пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

 тоғысында атауымен пікірталас алаңында қоғамдық тыңдау өтті. Оған көршілес Ресейдің журналисі Михаил Зыгарь қатысты, деп хабарлайды «Хабар24» .

Егер Қазақстан ел сенетін институттар құра алса, толық трансформациядан өтеді. Алдымен өздерінің сот жүйесіне шүбә келтірмейтіндей жағдайға жетсе, жеңіс сол деп айтар едім. Астанада өткен Қазақстан «трансформациялар тоғысында» атауымен пікірталас алаңында ресейлік белгілі журналист Михаил Зыгарь осындай пікір білдірді.

Михаил Зыгарь, журналист:

- Егер Қазақстан ел сенетін институттар құра алса, толық трансформациядан өтеді. Алдымен өздерінің сот жүйесіне шүбә келтірмейтіндей жағдайға жетсе, жеңіс сол деп айтар едім. Егер халық әділ сайлауға сенетін болса, онда бұл қоғамға тұрақтылық береді. Ал бұндай мемлекетті шайқалту мүмкін емес.

Бүгінде Қазақстан 90-шы жылдары болған трансформацияны іздеп жатыр. Тұрақты дамуды қолдайтындар бар. Технология дамыған заманында жылдам өзгерістердің болуын аңсайтындар да жоқ емес,- деді саясаттанушы Сұлтан Әкімбеков.

Сұлтан Әкімбеков, саясаттанушы:

- Айналамызда Қытай, Тайвань, Оңтүстік Корея, Сингапур сынды алып мемлекеттер бар. Біз олардың арасындамыз. Күні ертең барлығы өзгеріп, Сингапур боламыз деп айту ерте. Азия елдеріне жақын күшті мемлекет екеніміз рас. Бірақ біз еуропалық стандарттарға, әлемдік тәжірибеге жақын болғымыз келеді. Ал оған уақыт керек.

Сарапшылардың пайымдауынша, Қазақстан шекарасында қарулы қақтығыстар, Ауған дағдарысы сияқты либералды елдер жоқ. Еліміздің дұрыс бағытқа бет бұруы үшін азаматтардың Үкіметке, мемлекеттік институттарға және бір-біріне деген сеніміне қол жеткізу керек. Сондай-ақ проблемаларды мойындау және ашық диалог форматына өту бізге қажет-ақ.

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі