USD
USD
USD

Сарапшылар бір жылда доллар бағамы 520 теңгеге жетеді деп болжады

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының талдау орталығы 2026 жылғы шілдеге арналған макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша қаржы нарығына қатысушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелерін жариялады.

Сыртқы қарыз
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Сауалнамаға сәйкес, респонденттердің жартысынан көбі (53%) 24 шілдеде өтетін отырыста «Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17% деңгейінде сақтап қалады» деп болжайды. Қалған 47%-ы базалық мөлшерлеме 16,75%-ға дейін төмендеуі мүмкін деп есептейді. Бір жылдық кезеңге арналған базалық мөлшерлеме болжамы 15,75%-дан 14,75%-ға дейін төмендетілді.

Жылдық инфляция бойынша күтілетін көрсеткіш те 10,6%-дан 10,4%-ға дейін төмендеген. Тамыз айының басында ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 483,3 теңге деңгейінде болады деп болжанған.

Ал бір жылдық кезеңге арналған болжам бойынша, долларға бағамы 520,4 теңгеге дейін әлсіреуі мүмкін. Сонымен қатар бір жылдан кейін Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне 80 доллар болады деп болжанған. Қазақстан экономикасының өсімі (ЖІӨ) жөніндегі болжам да 4,5%-дан 4,6%-ға дейін өскен.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші