USD
USD
USD

Сарапшы: Омикрон штамы жануарлар арасында мутацияланып, адамдарға жұғуы мүмкін

 Коронавирустың жаңа «омикрон» штамы жануарлар арасында мутацияға ұшырап, одан кейін барып адамдарға жұққан болуы мүмкін.

Сарапшы: Омикрон штамы жануарлар арасында мутацияланып, адамдарға жұғуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған жаңа штамның ерекшеліктері куә. Мұндай пікірді ДНКОМ молекулалық-генетикалық зерттеулер ғылыми орталығының негізін қалаушысы мен бас директоры Андрей Исаев білдірді. «Омикрон» штамын бірінші болып таратқан науқастың иммун тапшылығы бар екенін, созылмалы АИТВ инфекциясымен ауыратынын білеміз. Сонымен қатар науқас ковидтың созылмалы түрімен ауырған. COVID-19 оның ағзасында мутацияланған болуы мүмкін.

Алайда менің теориям кішкене басқаша. Біз ірі мысықтар, бұғы мен қаракүзеннің әртүрлі түрлері сияқты сүтқоректілердің коронавируспен ауыратынын білеміз. Оңтүстік Африкада адамдар жануарлармен тығыз байланыста. COVID-19 ірі сүтқоректілерге өтіп, олардың ағзасында эволюцияға ұшырайды деп ойлаймын. Себебі вирустың түраралық ауысуы кезінде ақуыздар комбинаторикасында өзгеше айырмашылықтар болып, генетикалық түрлілік қалыптасады», - деді Исаев. Оның ойынша, аталған штамм табылған науқас қате анықталған болуы мүмкін. «Ғалымдар «нөлдік науқас» ретінде иммун тапшылығы бар адамды тіркеген, оның бұрыс анықталған болуы мүмкін. Науқас жергілікті аңшы, оңтүстік африкалық рейнджер, саваннаға кететін, қорықта жұмыс істейтін адамнан жұқтырған болуы ықтимал», - деп түсіндірді ол.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе