USD
USD
USD

Жылыту маусымына дайын болмаған Саран қаласының әкімі қызметінен босатылды

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қызметінен босатылды, деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.

Еркін Баулықов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қалада жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін атқаратын қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.

Уақытша қала әкімінің міндетін атқарушы болып бұған дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген Мақсат Қайрешов тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, күн суытқанда қаладағы жаңа жылу орталығы іске қосылмай қалған болатын. Кейін әкім Еркін Баулықов техникалық жұмыстар әлі жүріп жатқанын ескерткен. Жергілікті билік ескі қазандықтарды іске қосты. 15 қазанда Үкімет отырысында Сарандағы жылу мәселесі қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов барлық жөндеу жұмыстарын бір күн ішінде аяқтауды тапсырды. Үкімет басшысы жағдайдың шиеленісуін қала және облыс әкімі тарапынан бақылаудың жоқтығымен байланыстырып, өңірге Энергетика министрін арнайы тексеруге жіберді. Сондай-ақ жиналған материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылатыны айтылды. Егер істің қылмыстық құрамы анықталса, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы