12 Ақпан 10:31

Сара Назарбаева 80 жас мерейтойын атап өтіп жатыр

Фото:

Елбасының жары Сара Назарбаева 80-ге толды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы. NEGE. Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысында туған. Нұрсұлтан Назарбаевқа 1962 жылы тұрмысқа шыққан. Бір жылдан кейін ерлі-зайыпты қызды болған. Артынша Динара және Әлия Назарбаевалар өмірге келген. 

Қыздары енді өсіп келе жатқан кезде Сара Назарбаева халық алдына өте сирек шыққан. Қыздары бой жеткеннен кейін ол қоғамдық жұмыспен белсенді түрде айналыса бастады. 1992 жылдың ақпанынан бастап ол Халықаралық "Бөбек" балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті.

1994 жылдың жазында ол "SOS - Қазақстанның балалар ауылдары" қорының президенті болды. 1999 жылы "Демография"қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесін басқарды.

Сара Назарбаева қайырымдылық саласындағы ерен еңбегі үшін халықаралық ұйымдардың көптеген марапаттына ие болды. Олардың ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы да бар. Ихсан Дограмачи, Unity халықаралық сыйлығы, "Курманджан Датка" премиясы. Сара Назарбаева Шыңғыс Айтматов атындағы "Өзін-өзі тану философиясына қосқан ұлы үлесі үшін" алтын медальмен марапатталған. Сонымен қатар, Назарбаева Софи Лореннің қолынан Ресейдің Қызыл кресті тағайындаған және өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған көпжылдық қызметі үшін берілетін "Алтын жүрек" халықаралық сыйлығын алды.

2010 жылы ол SOS Kinderdorf International халықаралық қорының - "Алтын сақина" марапатына ие болды. Марапат өз өмірін SOS Kinderdorf балалар ауылдарының балаларына арнаған әйелдерге беріледі.

Тегтер: