USD
USD
USD

«Сара Назарбаева ауыр халде жатыр»

«Чиновник» Telegram-каналында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Алпысқызының жағдайы нашар екені хабарланды. 

Сара Назарбаева
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы Сара Алпысқызы Алматыдағы ауруханалардың біріне жеткізілген, қазір жағдайы ауыр. Сонымен қатар дәрігерлердің оның өмірін сақтап қалуға қауқарсыз екені айтылып жатыр. 

Белгілі болғандай, ол «Назарбаева» тегінен бас тартып, қыз кезіндегі тегі – Қонақаеваны қайта қолдана бастаған.

Сара Алпысқызы Қазақстанның бірінші ханымы болған кезде, көпшілік алдына көп шыға бермейтін. Естеріңізде болса, 2015 жылы Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветамен кездесуге Нұрсұлтан Назарбаев Сара Алпысқызын емес, қызы Дариға Назарбаеваны ертіп барған еді. 

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемуарында Сара Алпысқызының тасада жүруінің себебін жазған еді. Ол: «Президент болсаң да жүрекке әмір жүрмейді – жүрек басқа біреуді таңдады», – деген.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Алпысқызы 1962 жылы шаңырақ көтерген.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі