Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Сәпиев пен орынбасары жұмыстан кетті

Серік Сәпиев Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметінен босатылды, оның орынбасары Дәурен Есімханов та басқармадағы қызметінен кетті.

спортшылар төбелесі
Фото: gov.kz, instagram./daurenesimkhanov

Астана, NEGE. Бұл жөнінде облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен қызметінен босатылды», – делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, 23 қаңтарда желіде Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімханов төбелескені туралы ақпарат пен сол сәттің видеосы тарады. Полицейлер қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Көп ұзамай Сәпиев видеоүндеу жасап, орынбасары, самбодан әлем чемпионы Дәурен Есімхановпен арадағы жанжалдың себебін түсіндірді. Артынша Дәурен Есімханов та мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ желіде Сәпиев пен орынбасары арасындағы жанжалға боксшы кінәлі деп танылғаны жөнінде ақпарат тарады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш