USD
USD
USD

Сапасыз интернет үшін байланыс операторлары 271 млн теңге айыппұл төледі

Қазақстандық байланыс операторлары нашар интернет үшін шамамен 271 миллион теңге төледі. Бұл туралы мәжіліс отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі айтты. 

Сапасыз интернет үшін байланыс операторлары 271 млн теңге айыппұл төледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Интернеттің сапасына қатысты біздің министрлік байланыс операторларының жауапкершілігін күшейту жұмысын жүргізіп жатыр. Мендегі бар ақпарат бойынша шамамен 271 миллион теңге айыппұл төленді. Заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар байланыс сапасының параметрлері бекітілді. Интернет сапасына қатысты мәселе туындаса "Е-өтініш" жүйесі арқылы біздің министрліктің байланыс комитетіне жүгінуге болады. Содан соң біздің маман тексереді. Егер интернеттің сапасыздығы расталса, онда тиісті айыппұл салынады. Бүгінгі таңда операторлармен осындай жұмыс жүргізілуде", - деді Әсет Тұрысов.

Вице-министрдің айтуынша, байланыс операторларының жұмысына қатысты қатаң шаралар қабылданды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер