USD
USD
USD

Сапарбаев Жаңатастағы оқиға жайлы жазба қалдырды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Сарысу ауданы Жаңатас қаласында бес баланың өліміне себеп болған өрт оқиғасы туралы жазды.

Сапарбаев Жаңатастағы оқиға жайлы жазба қалдырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға жөнінде аймақ басшысы Instagram және Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазба жариялады. Жазбада облыс әкімі ауыр жағдайға қабырғасының қайысқандығын, марқұмдардың жақындарына көңіл айтатындығын жеткізген.

Сондай-ақ, Б. Сапарбаев мәселені жеке бақылауына алғандығын және оқиғаның мән-жайы зерделенуде екендігін мәлім етті.

«Бүгін бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға болды. Жаңатастағы үйлердің бірінен өрт шығып, бес бірдей бейкүнә бала ажал құшты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Оқиға орнына облыс прокуроры Н.Әбдіров, Полиция департаментінің басшысы Ж. Сүлейменов, ТЖД басшысы Е. Момбаев аттанды. Қара жамылған отбасыға қажетті психологиялық, материалдық көмек көрсетілуде. Мәселе менің жеке бақылауымда. Көз жұмған балалардың жақындарына Алла Тағала сабыр берсін. Қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын!», – делінген әкімнің жазбасында.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес