USD
USD
USD

Сапарбаев түнде де жұмыс істей ме? 

Соңғы кезде Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев қазақ қоғамына өкпелеп жүргендей құдды. Ол өткенде Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында «бәрін тегін беріңіздер» деген талаптың дұрыс еместігін айтқан. 

Сапарбаев түнде де жұмыс істей ме? 
Фото: NEGE.kz

«Демек, масылдық болған, бола береді де. Егер адам жақсы өмір сүргісі келсе, ол жұмыс істеуі керек және балаларын да соған сай тәрбиелеуі тиіс. Біз масылдық сәл де болса азаюы үшін әрі қарай да жұмыс істей береміз» деген ол. 

Жақында Бердібек Сапарбаев өз пікірінде: «Дәл осы мәселені президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен кездесуде де ескертіп: «Тек жақсы оқып, білім алған және еңбек еткендердің ғана арманы орындалады» деген еді.

50-60 мың теңгенің жұмысын азсынып, істеуден бас тартатындар көп.

Қажет болса, бірнеше жерде, тіпті демалыс күндері де жұмыс істеу керек» дей келе, жастарды жалқау болмауға және жоғары жалақыны күтіп, қол қусырып отырмауға шақырды. 

Сапарбаевтың айтуынша, ә дегеннен ешкім ешқашан жоғары жалақы төлемейді. «Егер жұмыспен қамту орталығында 50-60 мың теңге (157 АҚШ доллары) ұсынса, ештеңеге қарамастан бару керек. Әрі қарай өз қолыңда.

Ертеңгі күні аянбай еңбек етіп, жұмыс істесе, жалақысы да өседі.

Сондықтан жастарға айтарым: жұмыс істеу керек. Қажет болса, екі жерде, тіпті, демалыс күндері, түнде де жұмыс істеу қажет» деп теп-тегін кеңесін де айта кеткен.   

Сондай-ақ, ол «еңбекке қабілетті әрбір адам жалқаулыққа салынбай әуелі өзін қамтамасыз етуді үйрену керек. Бүгінде мемлекет жастарға түрлі мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, «Еңбек» бағдарламасын атап өтуге болады. Одан бөлек жастарға өз кәсібін ашу үшін гранттар мен микрокредиттер беріледі. Тек соны алудың жолын біліп, алға ұмтылу керек» деп атап өтті.  

Қазақстанда 14-29 жас аралығында 3,8 миллион азамат бар екен.

Оның 2 млн 206 мыңы – экономикалық тұрғыдан белсенді, 2 млн 121 мыңы – жұмысбасты, 84,7 мыңы – жұмыссыз. 

Ақыл айтқаннан оңай нәрсе жоқ. Осыны біздің шенеуніктер жақсы біліп алған. Сапарбаев сұхбаттарының бірінде демалыс күндері таза ауада қыдыратынын, жаттығу жасайтынын айтқан-ды. Өзі де жаттығудан соң түнімен жұмыс істейтін шығар, бәлкім. Ол жауап беретін әлеуметтік саланың шешілмеген түйткілді мәселесі көп қой. Сапарбаевқа пыс-пыс ұйықтап жататын уақыт қайда?! 

Динара Мыңжасар

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

.

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Тоқаев

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Бейсекова көшесі

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды