USD
USD
USD

Сапарбаев: Мектепте оқушылар неге бірін-бірі өлтіреді?

 Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында жастар туралы, жас отбасы арасында ажырасу дерегі жайында да айтты.

Сапарбаев: Мектепте оқушылар неге бірін-бірі өлтіреді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев: «Жас отбасылардың ажырасу дерегінің көбейіп кетуі ойланарлық жайт. Мәселе – тәрбиенің дұрыс еместігінде. Біз адамгершілк тұрғыдан тәрбие мәселесін ақсатып алдық, ата-ана отбасы алдындағы жауапкершілігін әлсіретіп алды. Ата-ана баланың алдындағы міндетіне жауапты болуы тиіс. Бесіктен бастап тәрбиеге көңіл бөліп, ертеңгі күні жақсы білім алып, үлгілі отбасы болуға икемдеу керек. Әрине, ажырасу, жастардың өзін-өзі ұстауы, суицид, нашақорлық мәселесімен айналысып келеміз.

«Мұғалім мәртебесі туралы» заң жобасында ата-ананың жауапкершілігі жөнінде арнайы бап бар. Міне, ата-ана жауапкершілігін арттыру керек. Ата-аналармен жиі кездескенде: «Сіздер, ата-аналар кінәлісіздер. Неге балаларыңызды күн батқанда іздемейсіздер?» деп айтамын. Ешкім қарсы шықпайды, ешкім тайталаспайды. Баласы түннің бір уағында қандай жағдайда келгенін білмейді. Одан ертесіне қайда барғанын, не істеп жүргенін сұрамайды. Сосын баланы мектепке шығарып салғанда, сөмкесінде не бар екенін неге қарамайды? Мектепте оқушылар неге бірін-бірі өлтіреді? Бұл тұрғыда билік пен қоғамның арасында бірлескен жұмыс жүруі керек. Бейнежазбалар орналастырсақ та, бәрін көру мүмкін емес. Бұл жерде мектеп пен сынып жетекшілерінің жауапкершілігі жоғары болуы қажет», – деді Б.Сапарбаев.

Сондай-ақ, ол: «Баланың көңіл-күйін неге білуге болмайды? Егер бала мектепке көңілсіз келсе, мұғалім не болғанын сұрамай ма? Мұғалім сұраса, айтады ғой. Мектеп пен ата-ана арасында тығыз байланыс орнауы керек. Соңғы уақытта осы үрдіс үзіліп қалды. Егер жақсы өмір сүргің келсе, жақсы оқуың керек. Ата-ананың ақшасына емес, өз ақылыңа сенуің қажет. Жастардың білім алуы үшін бар мүмкіндік жасалған. Тек қана оқы, білім ал. Мәселен, «Болашақ» бағдарламасын алайық. Бұрын мұндай мүмкіндік болған емес. Кембридже білім алу арман еді ғой. Егер басың істесе, оқуға түс, мемлекет өзі төлейді. Ағылшын тілін меңгер, IT-технологиямен айналыс, спортпен шұғылдан. Мұны қазір қолға алмасаң, ертең кеш болады. Ата-ананың қолына қараудың қажеті жоқ. Үйленіп, отбасылы болғың келсе, әуелі білім алып, өзіңді, отбасыңды асырайтын жағдайға жету керек», –  деді Б.Сапарбаев өз сұхбатында. 

Қазір оқып жатыр

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ

Еңбекті қорғау туралы заң

Алматы облысының билігі Марат Омаровтың анасына зауыт салуға қалай рұқсат берді?

 Республикалық ТКШ Альянсы

Алматы әкімдігі 800 млн теңгеге жер телімін заңсыз сатып алмақ болған

жер телімі, мемлекеттік меншікке қайтару