USD
USD
USD

Сапарбаев: Масылдық болған, бола береді де

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақы туралы да егжей-тегжейлі тоқтала кетті.​

Сапарбаев: Масылдық болған, бола береді де
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев: «Бұдан былай мұндай отбасының табыс кірісі есепке алынбайтын болды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан көпбалалы отбасылар үшін жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.

4 баласы және одан да көп баласы бар отбасыға 42,5 мыңнан 74 мыңға дейін жәрдемақы беріледі. АӘК болса табысы орташа күнкөріс есебінен 70 пайызға төмен отбасыға ғана төленеді. Міндетті шарт – жұмысқа тұру. Егер мамандығы не білімі болмаса, «Еңбек» бағдарламасы бойынша оқытып, білім береміз. Стипендия, тамағы мен тұратын жеріне ақша төленеді. Ал ұсынылған жұмыстан бас тартса, отбасы мүшесінің бәрін жәрдемақы алу тізімінен шығарамыз. Сосын бұдан былай тоқсан сайын кірісін қараймыз. 11 айдың ішінде АӘК алатын шамамен 12 мың қазақстандық өз кәсәбін ашқан. 120 мың ауыл тұрғыны өзінің жеке шаруа қожалығын жақсартқан.

Сарапшылардың айтуынша, АӘК нәтижесі экономикаға 300 млрд теңге көлемінде мультипликативті тиімділік әкелген. Демек, масылдық болған, бола береді де. Егер адам жақсы өмір сүргісі келсе, ол жұмыс істеуі керек және балаларын да соған сай тәрбиелеуі тиіс. Біз масылдық сәл де болса азаюы үшін әрі қарай да жұмыс істей береміз», –  деді Сапарбаев өз сұхбатында.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары