USD
USD
USD

Санжар Ташкенбай Азия чемпионатындағы алғашқы алтынға қол жетізді

Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшылар қатары көбейді. 

Санжар Ташкенбай Азия чемпионатындағы алғашқы алтынға қол жетізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының ақтық сайысына шыққан 19 жасар Санжар Ташкенбай алғашқы алтын медальды жеңіп алды. Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлайды.

Қазақстан боксшысы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жапондық Аратаке Кадзумамен жұдырықтасты. Төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Санжар Ташкенбай жеңіске жетті. Осылайша ол Азия чемпионы атанды.

Еске салсақ, Санжар Ташкенбай мұның алдында үндістандық Говинд Кумар Саханимен жекпе-жек өткізді. Тартысты өткен жекпе-жекте бірінші раундта бес төрешінің үшеуі Санжар басым деп тапса, екінші кезеңде қазақстандық боксшы таразы басын түгелдей өзіне аударды. Оның үстіне, үндістандық спортшы ескерту алып, бір ұпайы шегерілді. Қорытынды есеп – 4:0 болған еді.

Бұған дейін Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін ерлер арасында 9 қазақстандық алтын жүлдеге таласатыны хабарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова