USD
USD
USD

Санжар Боқаев: Қожамқұлов, Жұмағұлов және Мұтановты қамауға тура келеді

5 000 000 000 теңге. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жеріне қатысты құйтырқылықтан мемлекетке шамамен 5 млрд теңге шығын келді. Esentai Mall аумағындағы бір сотық жердің бағасы 70 млн теңгеден кем емес. 73 сотық жерді көбейтсек, 5,1 млрд теңге (немесе 12 млн АҚШ доллары) шығады.

Санжар Боқаев: Қожамқұлов, Жұмағұлов және Мұтановты қамауға тура келеді
Фото: NEGE.kz

Мен не себепті мемлекетке зиян келді деп отырмын? Жер телімдерін мемлекеттік жоғары оқу орнынан (яғни мемлекеттен) жырып әкетіп, жеке қолға берген. Ол кезде әкім Б.Байбек, ал ректор Ғ.Мұтанов болды.

Ең қызығы, ҚазҰУ-дың мұның алдында сатылып кеткен жерлері шыға бастады. Мемлекетке тиген зиянды есептеу үшін осы ауданнан жер іздегенімде, қызық жарнамаға тап болдым: ҚазҰУ аумағында жер сатылады. Студент кезімде №6,9,1 жатақханаларда тұрдым және әлгі жерлердің менің университетіме тиесілі болғанын жақсы білемін.

Мұқият тексеру жүргізу керек. Егер бұра тартпаса, тексерудің нәтижесімен 2000-жылдардан бергі ректорлар Қожамқұлов, Жұмағұлов және Мұтановты қамауға тура келеді. Үшеуін бір камераға қамауға да болады. Өйткені әңгімелесуге үшеуіне ортақ тақырып бар.

Санжар Боқаевтың Фейсбук парақшасынан.

Қазір оқып жатыр

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен