Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев 18 тамызға дейін қамауда отырады.

Боқаев
Фото: жеке архивтен

Астана, NEGE. Бұл туралы Боқаевтың адвокаты Радмир Өтепов мәлімдеді.

«Бүгін, өкінішке қарай, тергеу соты біздің қорғауымыздағы Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімін 2026 жылғы 18 тамызға дейін ұзартты», – деп хабарлады ол желідегі парақшасында.

Еске салсақ, биыл 18 наурызда Бас прокуратура Алматы қаласында белсенді Санжар Боқаевтың ұсталғанын хабарлады. Кейін сот оған екі ай қамауда ұстау шарасын санкциялады.

Прокуратура мәліметінше, ол әлеуметтік желілерде қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында жалған ақпарат таратқан, яғни жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақтарда ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдар жариялаған деп айыпталып отыр.

Тергеу нұсқасы бойынша, Боқаев ағаштарды кесуді өзі ұйымдастырып, қаржыландырған. Бұл іске «табысы төмен адамдарды» тартып, оларға сыйақы беруге уәде еткен.

Сондай-ақ ол аса ірі көлемдегі қаражатты алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілінген.

12 маусымда Алматының тергеу соты Боқаевты қамауда ұстау мерзімін 18 шілдеге дейін ұзартқан еді.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат