USD
USD
USD

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

Алматының Алмалы аудандық соты қоғам белсендісі Санжар Боқаевты 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

бокаев
Фото: Фото: instagram.com/sanzhar_bokayev

Астана, NEGE. Айыптау нұсқасы бойынша, Боқаев «ҚазТрансГаз» кәсіподағы «Еуропа – Қытай» автокеруеніне бөлген 42 миллион теңгеден астам қаражатты өзінің жиһаз бизнесіне аударған.

Сондай-ақ оған Алматыны абаттандыруға қатысты түсірген видеоларына байланысты екі эпизод бойынша айып тағылды. Прокуратураның мәліметінше, Боқаев видеолар үшін Үлкен Алматы жағалауындағы құрылыс алаңынан 12 гранит тақтаны ұрлауды және Баум тоғайында түнде 16 ағашты заңсыз кесуді өзі ұйымдастырған.

Бұдан бөлек, оған жалған ақпарат таратты деген айып тағылды.

Прокурор Боқаевты алаяқтық үшін 10 жылға, ұрлық пен ағаштарды заңсыз кескені үшін 5 жылға, ал жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылға соттауды сұрады. Барлық айып бойынша оған 12 жыл жаза тағайындауды өтінді. Сот 10 жылға соттауды жөн деп тапты. 

Сонымен қатар, Боқаевтың жиені Мадияр Қалменовті де кінәлі деп таныды. Оған аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал қылмыстық жолмен алынған ақшаны алдын ала сөз байласу арқылы заңдастыру бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі өтуіне байланысты ол жауапкершіліктен босатылды. Қалменов жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Ал Боқаевтың мобилографы Ұлан Нүсіпқожа адамдар тобымен алдын ала сөз байласып ұрлық жасағаны, ағаштарды заңсыз кескені және онлайн-платформаларды пайдаланып көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Ал Санжар Боқаев өзіне тағылған айыптарды мойындамады. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова

Алматыда жаңадан төселген тротуар опырылып түсті

Опырылған тротуар