USD
USD
USD

Санжар Әділов Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Санжар Әділов
Фото: ОКҚ

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Санжар Әділов 1977 жылы 26 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. 

Еңбек жолын 1999 жылдан бастады. 

Әр жылдары ол ішкі істер органдарының тергеу бөлімдерінде (ішкі істер және қаржы полициясы), ҚРІІМ тергеу департаментінде жұмыс істеді.

2013 жылдан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының полиция департаменті бастықтарының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың қарашасынан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы, Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары