Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Санитарлық талаптарды сақтамаған 90 нысан анықталды

 Шығыс Қазақстан облысында қазан айының басынан бері санитарлық талаптарды сақтамаған 90-нан астам нысан анықталды.

Санитарлық талаптарды сақтамаған 90 нысан анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, арнайы құрылған мониторингтік топтардың облыстық әкімдік және ШҚО Полиция департаментімен келісілген қазан айына арналған жұмыс кестесі жасалған. «1-18 қазан аралығында облыста 412 рейд жүргізіліп, 5123 объект қамтылды. Санитарлық ережелерді сақтамай және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша заңбұзушылықтарға жол берген 90 нысан басшысына айыппұл салынды. Мониторингтік топтың жұмысы жалғасуда», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, облыстағы 19 қала мен ауданда 46 мониторингтік топ құрылған. Оның құрамына Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган және «Атамекен» ҰКП өкілдері кіреді

Қазір оқып жатыр

Астанадағы басты көпірдің қозғалысы бір аптаға шектеледі

Арқар көпірі

Резерв пен салық. Назарбаевтың «АТБ Банкі» НЕГЕ пайдасын 31 пайызға азайтты?

.

Бірінші сыныпқа баратын балалардың 71%-ы қазақ тілін таңдаған

Мектеп

Хакер даркнетте 15 млн қазақстандықтың жеке дерегін сатылымға шығарған

жеке деректер