USD
USD
USD

Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты жеке өмірге құл сұқпау және дербес деректер мен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу фактісі бойынша Қылмыстық іс қозғалғаны белгілі (Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі).

Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2023 жылғы 14 тамызда Дүйсенова Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаевпен қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша жеке қабылдауында болды.

Оның дәлелдерін ескере отырып, прокуратура зерттеу үшін қылмыстық істі сұратып алды.

Қылмыстық кодекстің 147-бабының 5-бөлігіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында дербес деректерді заңсыз тарату нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Алайда, тергеу органы заңнамада көзделген тергеу мерзімінде жәбірленушіге елеулі зиян келтірілгенін растайтын жеткілікті нақты деректерді анықтаған жоқ.

Осыған байланысты, Талдықорған қаласы прокурорының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды (Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы).

Сондықтан материалдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес оларды қарау үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға жолданды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай