USD
USD
USD

Сандық технология вируспен күресе ала ма?

Сандық технология коронавирус пандемиясымен күресуде жетекші рөл атқара алады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күнгі онлайн-брифинг кезінде мәлімдеді.

Сандық технология вируспен күресе ала ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сандық технология пандемиямен күресте жетекші рөл атқара алады. Ол науқастанған адамдардың кіммен байланыста болғанын анықтайды. Еуропада сандық бақылау туралы ұлттық шешім қабылдаған 27 елдің құрамында Австрия, Грузия және Солтүстік Македония бар. Тағы 4 ел (Андорра, Финляндия, Ирландия, Португалия) жобаны дайындап жатыр», деді Клюге.

«Сандық технология мен жасанды интеллект пандемия кезінде өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Францияда телефондағы виртуалды көмекші жасанды интеллектің көмегімен бір уақытта мыңнан аса адамға жауап бере алады», – деп толықтырды ол.

«Италия жасанды интеллектіге негізделген технологияны сынақтан өткізіп жатыр. Ол смартфондағы бағдарлама мен камера арқылы жүрек жиырылуының жиілігі, жүрек ырғағының әртүрлілігі, оттегімен қанығу және тыныс алудың жиілігі туралы маңызды мәліметтерді жинайды. Швецияда телемедицина дәстүрлі көмекті қолдау үшін пайдаланылады», – деді Ханс Клюге.

Коронавируспен күресуде сандық технологияны ұтымды пайдалануға шақырған ДДСҰ Еуропа өңірлік бюросының басшысы адамдардың жеке мәліметтерінің де қорғалуына баса назар аудару керектігін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев