«Самұрық-Қазына» қорының компаниялары жасыл экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» тұрақты дамуға басымдық беру үшін қоршаған ортаға көміртегі аз бөлінетін жүйені дамыту бағдарламасын қолға алды, деп хабарлайды Nege.kz сайты.
Осыған байланысты арнайы тыңдаулар өтіп, қордың қоржындық компаниялар қоршаған ортаны қорғауға қатысты пікірлерін айтқан. Осы бағыттағы стратегиялық жоспарлар мен декарбонизацияның межелі индикаторлары талқыланған.
Жалпы, айта кететін мәселе, «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы тұрақты даму тын негізгі басымдықтардың бірі деп санайды. Яғни, қорға қарасты компаниялар көмірсутектің ізінен арылған сайын, олардың активтері ұзақ мерзімде бағалы болып саналады. Сондай-ақ, инвестциялық тартымдылық та жақсара түсетіні анық.
«Сондықтан, Қор басшылығы «ҚазМұнайГаз» ҰК», «Самұрық-Энерго», «ҚазТрансГаз», «ҚазАтомӨнеркәсіп» және осы сияқты қоршаған ортаға айтарлықтай әсер ететін өзге де бірқатар компаниялардың энергия көзін ауыстыруға қатысты жоспарларын тыңдады», – деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.
«Самұрық-Қазына» Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев атап өткендей, экологиялық жауапкершілікті дамыту үшін кешенді шараларды қолға алып, қабылданып жатқан шаралар экономикаға қалай әсер ететіне жан жақты баға беру керек.
Ал, аталған компаниялар өз тарапынан көмір мен жылыту жүйесін кезең-кезеңімен газ арқылы жылу және отын беру жүйесіне ауыстыру туралы баяндады. Дәлірек айтсақ, энергия өндіретін осы ірі компаниялар су электрстанцияларының болашағын, баламалы энергия көздері арқылы, соның ішінде, жел электрстанцияларын салу арқылы біртіндеп қуатты энергия таратушы нысандар салу туралы сөз қозғалған.
«Климаттық жобаларды қорландыру мақсатында қосымша қаржыландыру тетіктері, соныңішінде, «жасыл» облигациялар жүйесі қарастырылды», – деп хабарлаған Қордың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, көмірсутегі аз бөлінетін экономикаға ауысу – әртүрлі мемлекеттер мен коппорациялар үшін ғаламдық деңгейдегі күн тәртібіне шыққан өзекті мәселелердің бірі болып саналады.