USD
USD
USD

«Самұрық-Қазына» қорында тағайындаулар болды

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында бірнеше кадрлық тағайындау болды, – деп хабарлайды қордың қоғаммен байланыс департаменті.

«Самұрық-Қазына» қорында тағайындаулар болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор болып Болат Ақшолақов тағайындалды.

Жұртшылықпен және үкіметпен байланыс жөніндегі басқарушы директор Марат Әйтенов болды.

Бұрын экономика және қаржы жөніндегі бірлескен басқарушы директор қызметін атқарған Ернар Жанәділ инвестициялар, жекешелендіру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды.

Ерлан Дүрмағамбетов стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды. Бірлескен басқарушы директор - Ернат Бердіғұлов.

Нәзира Нұрбаева экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор қызметіне тағайындалды.

Мұхтар Тәжіғалиев корпоративтік басқару және әлеуметтік еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директор болды.

«Кадрлық тағайындаулар Қордың даму стратегиясына және жаңа ұйымдық құрылымға сәйкес қабылданды», – делінген «Самұрық-Қазына» хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Армения парламентінде жанжал шығып, депутаттар төбелесті

Армения депутаттары

Қазақстанда кейбір психологтар еңбек өтілінсіз жұмыс істей алады: жаңа стандарт бекітілді

Психолог

Доллар бағамы қайта өсті: теңге неге әлсіреді?

Халықаралық банктен қарыз тарту

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы