USD
USD
USD

«Самұрық-Қазына» қоры кәсіпкерлерге көмек бермек

Мемлекет басшысының экономиканы тұрақтандыру жөніндегі Жарлығын жүзеге асыру аясында «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ Басқармасының бүгінгі отырысында қазақстандық кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған шешімдер қабылданды.

«Самұрық-Қазына» қоры кәсіпкерлерге көмек бермек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Қор сертификаттардың (СТ-КЗ, индустриялық сертификаттар) болуымен шектелмей, отандық тауар өндірушілердің сатып алуға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Енді «Самұрық-Қазына» үшін әкімдер бекіткен тауар өндіруші мәртебесін растайтын тізімдер жеткілікті. Сондай-ақ, Қор стандартында Тапсырыс берушіге, жобалаушыға және мердігерге қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдерін қолдану бойынша талаптар белгіленді.

Олар сондай- ақ тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізуден және шарттардың орындалуын қамтамасыз етуден босатылады, бұл олардың айналым қаражатын алаңдатпауға мүмкіндік береді . Сонымен қатар, Қор қала құраушы кәсіпорындармен және шағын қалалармен тапсырыстарды мақсатты орналастыру, өндірістік қуаттарды жүктеу бағытында ынтымақтастық мүмкіндігін және тауарларды жеткізуге аванс беру мүмкіндігін қарастырады. Ағымдағы жылдың басынан бері 2360 отандық өнім беруші Қор тобының компанияларынан 216 млрд. теңгеге тапсырыс алды. Бұл жұмыс жалғасын табады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy