USD
USD
USD

«Самұрық-Қазына» есебінен 1 млн медициналық маска тігілді

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Ішкі істер министрлігі қызметкерлерін қорғану маскаларымен қамтамасыз етті. ҚР ІІМ қылмыстық-түзету жүйесі мекемелерінің өндірістік нысандарында 1 млн медициналық маска тігілді. Қорғану құралдары қызметкерлердің пайдалануына берілді және ІІМ жеке құрамының қажеттілігін жапты.

 «Самұрық-Қазына» есебінен 1 млн медициналық маска тігілді
Фото: NEGE.kz

 

Айта кету керек, «Самұрық-Қазына» Қоры коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу үшін 450 млн теңге жұмсады. Қаржы денсаулық сақтау министрлігіне, ҚР Ішкі істер министрлігіне және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бөлінді. Әр ведомство 150 млн теңгеден алды.

Айта кеткен жөн, елде төтенше жағдай хабарланғаннан кейін ІІМ Министрлігінің тапсырмасы бойынша сотталғандар қорғану маскаларын тігуге кірісті.

Айта кететін жайт,  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы – дара акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг саналады. Оның миссиясы - Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету. «Самұрық-Қазына» өз миссиясын қоржындық компаниялардың ұзақмерзімдік құны мен тұрақты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларының дамуына каталитикалық инвестиция салу арқылы жүзеге асырады. Қор активі шамамен $68 млрдты құрайды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика, машина құрастыру және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.

 

Қазір оқып жатыр

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.

Семейдегі бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағынан адам сүйектері табылды

.

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu