7 Қазан 15:38
...

«Самұрық-Қазына» COVID-19-дың екінші толқынын болдырмауға күш салады

Фото:

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның басты міндеті COVID-19 екінші толқыны жағдайында Қор тобының периметріне кіретін өндірістерді тоқтатуға, өндірістік персоналды қысқартуға жол бермеу және қызметкерлерді жалақыны уақтылы төлеумен қамтамасыз ету.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі Басқарушы директоры Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, жағдайды дамытудың  түрлі нұсқаларына, оның ішінде аурудың жаңа өршуіне Қор дайындық үстінде. «Пандемия кезінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, Қор қиындықтарды жеңе білді, біз негізгі көрсеткіштердің айтарлықтай төмендеуіне, өндірістік үзілістерге немесе өндірістік персоналдың қысқаруына жол бермедік, жалақы уақытында төленді», – деді А.Сатқалиев. 

А.Сатқалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта Қор эпидемия қайталанған жағдайда іс-шаралар жоспарын түзету бойынша жұмыс жүргізді, қаржы қаражатын резервтеу қамтамасыз етілді, сондай-ақ тиісті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді үздіксіз жеткізу және жедел сатып алу пысықталды. 

Бұдан басқа, кейіннен КВИ-мен ауырған қызметкерлерді жұмысқа тарту үшін өндірістік персоналдың тізімдері қалыптастырылды және портфельдік компаниялар кәсіпорындары мен мердігерлік медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсету жөніндегі іс-қимылдарға дайындығы қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, А.Сатқалиев Бірінші толқын кезінде қабылданған шаралар туралы еске салды, оның нәтижелері бойынша қор өндірістік персоналды қысқартуға және кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуға жол бермеді. Іске асырылған және ықтимал тәуекелдерге ден қою үшін «Самұрық-Қазына» басшысы Ахметжан Есімовтың төрағалығымен жедел Штаб құрылды. Барлық портфельдік компанияларда жедел әрекет ету штабтары жұмыс істеді.

Өндірістік қызметті қолдау, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және басқарудың ең тиімді құрылымын сақтау үшін, қолайсыз салдарға әкелуі мүмкін маңызды бизнес-процестердің тізімі анықталды. Өндіріске минималды түрде әсер ете отырып, тиімділікті көрсеткен А, В, С жоспарларының алгоритмдері жасалды. КВИ таратпаудың алдын алу шараларын жүзеге асыруды көздейтін А жоспары. Аймақтағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы кезіндегі іс-қимылдарды қамтитын В жоспары және компанияда немесе өндіріс орнында инфекция жағдайлары анықталған кездегі іс-шараларды қарастыратын С жоспары. Портфельдік компаниялардың  КВИ-ге қарсы күреске бағытталған алдын алу іс-шаралары бойынша жүргізген белсенді жұмыстары жалғасуда. 

Сөз соңында А.Сатқалиев ықтимал екінші толқынға дайындық аясында, Қор қызметкерлері арасында Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқамаларына сәйкес COVID-19-дан қорғаудың алдын алу шараларын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық науқанды жалғастыратынын хабарлады.

Тегтер: