«Самұрық-Қазына» Атырау облысында іске асырылған инклюзия жобаларын таныстырды

«Самұрық-Қазына» қоры Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындай отырып, инклюзивті жобаларды дамыту аясында ауқымды жұмыс жүргізуде: олардың қатарында көпбалалы аналарды, ерекше балаларды, мүгедектігі бар адамдарды қолдау.
Алматы, NEGE. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы тек Атырау облысында соңғы бес жылда 1 миллиард теңгеден астам сомаға 19 әлеуметтік жобаны іске асырды. Жобалар өңір тұрғындары үшін маңызды мәселелерді шешуге және үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік бастамаларын қолдауға бағытталған. Биыл өңірде 375,5 млн теңге сомасына 7 жоба мақұлданды.
Бүгін компаниялар тобы атынан қайырымдылық жобалардың бірыңғай операторы – «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қоғам үшін іске асырылған бастамаларды халық назарына ұсынды.
Баспасөз туры сөйлеу қабілеті бұзылған, аутизм, церебральды сал ауруы және Даун синдромы бар балаларды жан-жақты дамытумен айналысатын, жаңартылған «Зейін-Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығына барудан басталды. Биыл жобаға «Самұрық-Қазына» қоры күрделі жөндеу жұмыстарымен қатар, жиһаздар мен жабдықтарды жаңартуды қаржыландырды, сондай-ақ 50 ерекше балаға тегін оңалту курстарына сертификат табысталды. Жобаның құны 27 миллион теңгеден асады.
Жиналған көпшілік турдың екінші нысаны балаларға арналған кешенді оңалту, диагностика және кеңес беру қызметтерін көрсететін «Қамқорлық» оңалту орталығына барды. Орталық жылына 600 баланы тегін қабылдайды. Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен «Қамқорлық» жобасы аясында 2020 жылдан бастап Қазақстанның барлық өңірінде 15 оңалту орталығы, 16 инклюзияны қолдау кабинеті және 7 ерте араласу орталығы ашылды, оларды толық жабдықтау үшін 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
Қор әрдайым әлеуметтік осал санаттағы азаматтардықолдауға ерекше назар аударып келеді. Бұл бағытта Атырау облысының Іскер әйелдер қауымдастығының жобасы көрсетілді, жоба шеңберінде жалғызбасты және көпбалалы аналар, жұмыссыз әйелдер өздерінің қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін кәсіби дағдылар мен нақты көмек ала алады. Қауымдастық ұйымдастырған курстар 100 әйелге арналған. Олар оқудан кейін өз ісін ашу үшін тауар түрінде грант алып, 50%-ы өз бизнесін ашуға мүмкіндік иеленеді де, 30%-ы жұмысқа орналасады. Жобаның бюджеті 48 млн теңгені құрады.
Пресс-тур бағдарламасындағы соңғы нысан«Маленькая страна» әлеуметтік қалашығы болды. Онда мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту үшін еңбек терапиясы, иппотерапия әдістері пайдаланылады, сонымен бірге шаруашылықты жүргізу үшін «жасыл технология» қолданылады.
Биыл «Самұрық-Қазына» қоры шағын гибридті жел-күн электр станциясын және шаруашылық ғимараттар мен әкімшілік үй-жайларға арналған конвекторлық жылытқыштарды сатып алу үшін «Атырау». Маленькая страна» ҚБ бастамасына қолдау көрсетті. Болашақта осы құрылғылардың арқасында әлеуметтік қалашықта электрмен жабдықтау толығымен автономды болады. Жобаның құны 37,5 млн теңге.