Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Самұрық-қазына» АҚ компаниялар тобының тиімді даму басымдықтары ұсынылды

«Самұрық-Қазына» қоры Стратегияны іске асырудың және инвестициялық холдингтің үлгісіне көшудің басым бағыттарын ұсынды.

«Самұрық-қазына» АҚ компаниялар тобының тиімді даму басымдықтары ұсынылды
Фото: NEGE.kz

20 сәуірде портфельдік компаниялар басшылығымен өткен кеңейтілген отырыста «Самұрық-Қазына» тобы қызметінің мәселелері, сондай-ақ Қорды басқару жөніндегі кеңес төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Үкіметінің тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сатқалиев Қор жұмысының негізгі басымдықтары - тұрақты даму және инвестициялармен таныстырды.

ESG қағидаттарына көшу (қоршаған ортаға, адамдарға қамқорлық көрсету және корпоративтік басқарудың озық практикасы) шығарындыларды азайтуды, энергия тиімділігін арттыруды, ЖЭК дамытуды және портфельдік компанияларды декарбонизациялауды қамтамасыз етеді.

Омбудсмен институтын күшейте отырып, адами капиталдың өсуіне – өндірістік қауіпсіздікті, еңбекті қорғауды, әлеуметтік тұрақтылықты жақсартуға көңіл бөлінді.

Әлемдік экономиканың трендтерін және инновациялық даму қажеттілігін ескере отырып, ғылыми-қолданбалы зерттеулер орталығын, жоғары технологиялық жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Электр энергетикасы, мұнай-газ және тау-кен секторындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы іске асыру ерекше бақылауға алынған.

Портфельдік компаниялардың тиімділігін арттыру шеңберінде жүйелі негізде цифрлық трансформация бағдарламасы іске асырылатын болады.

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы 2008 жылы құрылған, Қазақстан Республикасы Үкіметі жалғыз акционері. Компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсібінің, тау-кен металлургия кешенінің, энергетиканың кәсіпорындары кіреді.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық