USD
USD
USD

«Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

Бүгін  журналистермен өткізген брифингте  ҚР премьер- Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов: «Самұрық-Қазына» АҚ құрамына кіретін компаниялар қызметкерлерінің жалақысы 5-тен 40% - ға дейін көтеріледі»,-  деді. Бірақ басшылық қызметтегі тұлғалардың жалақысы өспейтіндігін де тілге тиек етті.

«Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі
Фото: NEGE.kz

НҰР-СҰЛТАН, NEGE «Әрдайым жалақының күрт өсуі инфляцияның өсуіне әсер етеді. Бірақ, бұл- ештеңе жасамау керек дегенді білдірмейді. Жүйелі түрде кезең- кезеңімен жалақыны көтереміз. Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі күні орташа жалақы туралы мәселе  көп талқыланып жатыр. Өйткені барлық жерде орташа жалақы нақты объективті мәліметтерге сәйкес келмейді», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Ол барлық бюджеттік ұйымдар мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар әрқашан өз бюджеттерінде қызметкерлердің жалақысын индекстеу керек екенінің де айтты.

Сонымен қатар, Тоғжанов Үкіметтің 2025 жылға қарай азық-түлік өнімдерінің импортын толық алмастыруға көшу жоспары туралы да атап өтті. Атап айтқанда, өндіріс саласында – 950 мың, инфрақұрылым саласында – 583 мың, ауыл шаруашылығында – 458 мың, туристік салада – 59 мың жұмыс орны құрылады. Мұның бәрі табысқа тікелей әсер ететін жобалар- деді, Ералы Тоғжанов

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy