USD
USD
USD

«Самұрық-Қазына» 55 қызметкерді жұмыстан босатты

«Самұрық-Қазына» жұмысшылары полиграфта тексеру арқылы іріктелмек. Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев осындай жоспарын айтты.

«Самұрық-Қазына» 55 қызметкерді жұмыстан босатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біз сатып алу мәселесіне жетекшілік ететін басшыларды атқаратын лауазымдарынан босату бойынша күрделі шаралар жүргіздік. 55 адам босатылды, заңнамаға сәйкес бұл жұмыс жалғасып жатыр», - деді Алмасадам Сәтқалиев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ, ол қор қызметкерлерінің арасындағы жемқорлықты жою бағытында қандай жоспары бар екенін ашып айтты.

«Сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелдерін табиғи жолмен азайтуға жол ашатын персоналды іріктеу және жалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, барлық үміткерлердің лауазымға сәйкестігін айқындау, психологиялық профайлинг, қызметкерлердің жыл сайынғы ротациясы, полиграфта тексеру жүргізіледі», – деді қордың басқарма төрағасы.

Қазір оқып жатыр

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі