Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Самұрық-Қазына» 1 млн адамға вакцина сатып алды

Мемлекет басшысының тапсырмасына және 2021 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ Covid-19 вакцинасының 500 мың адамды вакцинациялауға мүмкіндік беретін 1 млн. дозасын сатып алуды қаржыландырды

«Самұрық-Қазына» 1 млн адамға вакцина сатып алды
Фото: NEGE.kz

Вакцинаны жеткізу Қор мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және «СК-Фармация» АҚ келісім шеңберінде қамтамасыз етіледі.

 «Самұрық-Қазына» компаниялар тобындағы эпидемиологиялық жағдай ерекше бақылауда және басым мәнге ие. Қор - қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерін вакцинациялаумен қамтудың барынша жоғары деңгейіне бағытталған.

Компаниялар тобындағы вакцинацияланған жұмысшылардың саны 4358 адамды құрайды, оның 1400-і «ҚМГ» ҰК» АҚ жұмысшылары, 1170 - «Самұрық-Энерго», 1021 - «ҚТЖ »АҚ, 405 -«Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ, 250 - «KEGOC» АҚ. «Самұрық-Қазына» қоры елдегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады - компаниялар тобына 296 кәсіпорын кіреді, оларда 276 мың қызметкер жұмыс істейді.

 «Самұрық-Қазына» қоры пандемия басталғалы бері коронавируспен күреске белсене қатысуда. 2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде аса тапшы позициялар - 100 жедел жәрдем автокөлігі, 1000 бірлік оттегі концентраторы, 50 өкпені жасанды желдету аппараты, 1000 пульсоксиметр және 3000 «Авифавир» вирусқа қарсы препараттарының қаптамасы сатып алынды және берілді. Дәрігерлерге, полицияға және әлеуметтік қызметкерлерге 6 миллион қорғаныш маскалары сатып алынды, отандық өндірушілерді қолдау және денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша шаралар кешені қабылданды.

Қорды басқару кеңесінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұқпалы аурулардың алдын алу және бақылау бойынша екі емхана салу жоспарлануда.

 

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық