USD
USD
USD

«Самұрық-Қазынаны» тарату жаңа проблемалар туғызуы мүмкін – Болат Жәмішев

Экономист Болат Жәмішевтің пікірінше, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорын тарату кейбір институционалдық мәселелерді шешкенімен, оның орнына жаңа жүйелі қиындықтар туындауы ықтимал.

Болат Жәмішев
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Астана, NEGE. Бұл жөнінде ол Corporate Governance Forum 2026 халықаралық форумында айтты. Оның айтуынша, «Самұрық-Қазына» ұлттық компанияларды тиімді басқаруда маңызды рөл атқарады. Холдингтік модельге балама ретінде активтерді салалық министрліктердің қарамағына беру ұсынылуы мүмкін. Алайда мұндай тәсіл компанияларды басқару мен дамытуға дәл осындай мүмкіндік бермейді.

Болат Жәмішев мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтің міндеттері әртүрлі екенін атап өтті. Холдингтің қаржылық мүмкіндіктері портфельдік компанияларды қолдауға ғана емес, олардың ұзақ мерзімді құнын арттыруға да жол ашады.

Ал жекелеген ұлттық компаниялардың өз ресурстары айтарлықтай шектеулі. Сондықтан ол қорды таратудан гөрі ұлттық компаниялардағы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге басымдық беру қажет деп санайды.

«Таратып, салалық министрліктерге бере салу – өте оңай шешім. Ал корпоративтік басқаруды қамтамасыз ету әлдеқайда күрделі әрі жауапты шешімдерді талап етеді», – деп атап өтті ол.

Еске салсақ, 11 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті және басқа да тұлғаларды ұстады. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген.

 

Қазір оқып жатыр

Ресей елшілігінің наразылығынан кейін Тараздағы қираған стела қалпына келтірілді

Таразда қалпына келтірілген стела

Тоқаев Үкіметке агросақтандыру жүйесін жетілдіруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Олжас Құспеков: Университеттер өндіріс сұранысына бейімделуі керек

Олжас Құспеков

Атырауда оқушылар көшеден тауып алған ақша толы әмиянды полицияға тапсырып, көпшілікті сүйсінтті

Полицей мен балалар